Баку қаласындағы халықаралық білім көрмесі

«Тұран» университеті Баку қаласында өткен «Study in Kazakhstan» халықаралық білім көрмесіне қатысты.

 

Аталған іс-шара Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы академиялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған маңызды алаңға айналып, екі елдің жетекші жоғары оқу орындарын біріктірді. Көрменің құрметті қонағы Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алим Байель болды.

 

Көрме барысында «Тұран» университетінің өкілдері білім беру бағдарламаларын таныстырып, талапкерлер мен олардың ата-аналарына кеңес беріп, оқуға түсу, білім алу және Қазақстандағы мансаптық мүмкіндіктер туралы ақпарат ұсынды. Қатысушылар университет бағдарламаларына және халықаралық білім беру мүмкіндіктеріне ерекше қызығушылық танытты.

 

Көрме талапкерлерге университет өкілдерімен тікелей байланыс орнатып, білім беру бағыттары туралы өзекті ақпарат алуға мүмкіндік берді.

 

«Study in Kazakhstan» көрмесіне қатысу «Тұран» университетінің халықаралық ынтымақтастығын нығайтуда және білім беру әлеуетін шетелдік алаңда танытуда маңызды қадам болды.

 

Университет ұйымдастырушыларға іс-шараны жоғары деңгейде өткізгені үшін алғыс білдіреді.

Online қабылдау