«Тұран» университеті Құқық жоғары мектебінде «Қазақстан Республикасындағы банк омбудсмены институты: даму мәселелері мен перспективалары» тақырыбында қонақ дәрісі өтті. Іс-шара қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және дауларды сотқа дейін реттеу тетіктерін дамыту мәселелерін талқылау мақсатында студенттер мен кәсіби қауымдастық өкілдерін біріктірді. Дәріс спикерлері ретінде банк омбудсмены институтының өкілдері сөз сөйлеп, аталған институттың қызметі, қаржы ұйымдары мен тұтынушылар арасындағы мүдделер теңгерімін қамтамасыз етудегі рөлі, сондай-ақ банк саласын реттеудегі заманауи үрдістер мен өзекті мәселелер туралы жан-жақты ақпарат берді.
Кездесу барысында азаматтардың өтініштерін қараудың тәжірибелік қырларына, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мәселелеріне және банк секторы клиенттерінің құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге ерекше назар аударылды. Спикерлер өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, тәжірибеден нақты мысалдар келтірді және Қазақстан Республикасындағы банк омбудсманы институтын одан әрі дамыту перспективаларын атап өтті. Дәріс ашық диалог форматында өтіп, студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды. Қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, нақты құқықтық кейстерді талқылады, сондай-ақ қаржылық құқық пен тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы жұмыстың ерекшеліктерімен тереңірек танысуға мүмкіндік алды.