18 мамыр күні «Тұран» университетінде Түркияның Коджаэли денсаулық сақтау және технологиялар университетінің (KOSTÜ) делегациясымен кездесу өтті.
Делегация құрамында:
Кездесу барысында тараптар академиялық және ғылыми ынтымақтастықтың перспективаларын, халықаралық білім беру бағдарламаларын дамыту, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы, сондай-ақ денсаулық сақтау, инженерия және заманауи технологиялар саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Келіссөздер қорытындысы бойынша «Тұран» университеті мен Коджаэли денсаулық сақтау және технологиялар университеті арасында серіктестік қатынастарды дамытуға, тәжірибе алмасуға және бірлескен білім беру мен ғылыми бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Түркияның Коджаэли денсаулық сақтау және технологиялар университеті (KOSTÜ) – Түркияның Коджаэли қаласында орналасқан жекеменшік университет. Университет 2020 жылы Еуропалық кәсіптік мектеп (European Vocational School) негізінде құрылған және денсаулық сақтау, стоматология, фармация, инженерия және жаратылыстану ғылымдары салаларында мамандар даярлайды. Университет құрамында стоматология, денсаулық сақтау, инженерия және әлеуметтік ғылымдар факультеттері жұмыс істейді, сондай-ақ Erasmus халықаралық алмасу бағдарламалары жүзеге асырылады.
Меморандумға қол қою Қазақстан мен Түркия университеттері арасындағы халықаралық серіктестікті нығайтудағы маңызды қадам болды.