Шетелдік тыңдаушыларға арналған «Foundation Friendship Day» мәдениетаралық іс-шарасы: табиғат аясындағы жазғы пикник

2026 жылғы 17 маусымда «Тұран» университетінің «Foundation» жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының шетелдік тыңдаушылары үшін қызықты мәдени іс-шара — жазғы пикник ұйымдастырылды.

Іс-шараға Замбия, Түркия және АҚШ елдерінен келген шетелдік тыңдаушылар қатысты. Ашық аспан астындағы кездесу мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын дамытуға, достық байланыстарды нығайтуға және тілдік тәжірибені жетілдіруге бағытталды.

Қатысушылардың ерекше қызығушылығын ойын-сауық бағдарламасы тудырды: тыңдаушылар әртүрлі командалық ойындарға белсенді қатысып, бұл өзара ынтымақты әрі достық атмосфераның қалыптасуына ықпал етті. Пикниктің басты ерекшелігі — іс-шара барысында қатысушылардың бір-бірімен тек орыс тілінде сөйлесуі болды. Бұл оларға бейресми ортада өткен материалды бекітуге ғана емес, сонымен қатар тілдік кедергіні сәтті еңсеруге мүмкіндік берді.

Іс-шара өте көңілді, белсенді әрі әсерлі өтті. Жазғы пикник шетелдік тыңдаушылардың жадында жарқын әрі жылы естелік болып қалып, олардың тілдік тәжірибесін дамытуға және жаңа әлеуметтік-мәдени әрі академиялық ортаға бейімделуіне үлкен үлес қосты.

Online қабылдау