Тұран университеті ACQUIN халықаралық агенттігінің Институционалдық және Бағдарламалық аккредитациясынан сәтті өтті

2022 жылдың 25 сәуір айында ACQUIN халықаралық аккредиттеу агенттігі Тұран университетіне 2028 жылға дейін 6 жыл мерзімге институционалдық аккредиттеуді және 2030 жылға дейін 8 жылға 33 білім беру бағдарламасын бағдарламалық аккредиттеуді бекітті.

 

Тұран университетін аккредиттеу ACQUIN біздің қызметіміздің сапасын жоғары бағалағанын және еуропалық стандарттар мен критерийлерге сәйкес екендігін мойындауын білдіреді. Бұл дегеніміз, біз ашық білім беру бағдарламаларын жасап, олардың жан-жақтылығын қамтамасыз етеміз, халықаралық болуға және халықаралық жоғары оқу орындарына сәйкес болуға тырысамыз, түлектеріміздің әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттырамыз.

 

2021 жылы сапалы білім беруді қамтамасыз ету мақсатында университет ACQUIN агенттігіне (Германия) аккредиттеуге өтініш берді. 2021 жылы жыл бойы университеттің барлық ұжымы өз жұмыстарын талдаумен жұмыс істеді, сараптама комиссиясына өзіндік есеп дайындады. Аккредиттеу комиссиясы университеттің барлық жұмысын мұқият талдап, институционалдық аккредиттеуді бекітті.

 

Тұран университетінің барлық қызметкерлерін қызметтерінің жоғары бағалануымен құттықтаймыз және алдағы уақытта да жетістіктерге жетулеріңізге тілектеспіз!

Online қабылдау