«Тұран» университетінің ректоры, э.ғ.д., профессор Р.А. Алшановтың жария жылдық есебі

2022 жылдың 29 маусымында «Тұран» университетінің ректоры, э.ғ.д., профессор Алшанов Рахман Алшанұлының жария жылдық есеп беруі өтті.

 

30 жыл ішінде Қазақстанның алғашқы және ең ірі мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының бірі – «Тұран» университеті экономикалық, ғылыми және мәдени қызмет үшін кәсіби кадрлар даярлай отырып, елдің зияткерлік әлеуетін дамытуға өз үлесін қосуда. Университет түлектерінің саны 30 мыңнан асты.

 

Университет Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығының иегері және білім беру қызметтері мен ғылыми қызмет нәтижелерінің сапасын үздіксіз жақсартып, сапаны басқарудағы ең заманауи тәсілдерді жүзеге асыра отырып, өз дамуын жалғастыруда.

 

Ректордың жария жылдық есебінде университеттің 2021-2022 оқу жылындағы жұмысының негізгі нәтижелері мен жетістіктері баяндалады.

 

Жария жылдық есепті тыңдауға қоғам, БАҚ, қалалық мемлекеттік органдардың өкілдері, университет ұжымы, университет білім алушылары қатысты. Олардың ішінде: «Ана тілі» газетінің бас редакторы, К.К. Сарсенбай, ф.ғ.д., ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, К.С. Матыжанов, ҚР БҒМ ҒК М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры, К.К. Шалабаев, «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы С.Д. Құсайынов, ҚР жоғары оқу орындары қауымдастығының вице-президенті, Е.А. Абдрахманов, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Г.К. Касымова, қоғам қайраткері. Серіктес ұйымдардан – ҚР аудиторлар палатасы кеңесінің төрағасы, С.Х. Кошкимбаев, ҚР аудиторлар палатасының атқарушы директоры, А. Акан, PhD, Алматы қ. кәсіпкерлер Палатасы директорының орынбасары, Алматы қ. іскер әйелдер Өңірлік Кеңесінің төрағасы, А. Е. Эралиева қатысты.

 

Ректордың жария жылдық есебі стейкхолдерлердің кең ауқымына: заң шығарушы және атқарушы билік органдарының өкілдеріне, білім алушылар мен олардың ата-аналарына, білім беру жүйесінің қызметкерлеріне, БАҚ өкілдеріне, қоғамдық ұйымдарға және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

 

«Тұран» университеті ректорының жария жылдық есебі YouTube каналында тікелей эфирде көрсетілді. Жазбаны осы сілтеме бойынша көре аласыздар

Online қабылдау