Орхан Сөйлемезбен кездесу

27 қыркүйекте “Тұран” университетінің 30 жылдығына орай Түркияның Кастамону университетінің Әдебиет факультеті Қазіргі түрік диалектілері мен әдебиеттері бөлімінінің меңгерушісі және Колумбия университетінің филология ғылымдарының докторы, профессор Орхан Сөйлемезбен кездесу өтті.

 

Ол оқытушылар мен студенттерді осы маңызды оқиғамен құттықтады. Орхан Сөйлемез қазақ тілін жетік меңгерген және студенттермен, оқытушылармен Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінде кездесу өткізді. Тіл үйрену тәжірибесімен бөлісіп, қазақ мәдениеті мен тіліне терең бойлау тарихын айтып берді.

 

Ол студенттерді қазақ халқының мәдениетін, тарихын, әдебиеті мен тілін оқуға шабыттандырды. Біз Орхан Сөйлемезге көрсеткен құрметі, бізге көңіл бөлгені үшін алғыс айтамыз және онымен қайта кездесуді асыға күтеміз!

Online қабылдау