Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою

2022 жылдың 30 қараша күні Тұран университеті мен «СӘТТІ» IT мамандарының сертификаттау орталығы» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумға қол қою мақсаты – Қазақстан Республикасындағы ақпараттық технологиялар, автоматтандыру және робототехника саласындағы мамандарды сертификаттау саласындағы ынтымақтастық. Меморандумға университет ректоры, э.ғ.д., профессор Рахман Алшанұлы Алшанов пен «СаТТІ» IT мамандарын сертификаттау орталығының директоры Ержанов Бақыт Ахметұлы қолдарын қойды.

Online қабылдау