Мұхтар Шахановтың 80 жылдығына арналған «Шаханов оқулары» атты әдеби кеш өтті

2022 жылы, 30 қараша күні «Тұран» университетінде «Қазақстанның Еңбек Ері», Қазақстанның көрнекті ақыны, қоғам қайраткері және Қырғызстанның халық ақыны Мұхтар Шахановтың 80 жылдығына арналған «Шаханов оқулары» атты әдеби кеш жоғары деңгейде өтті.

 

Әдеби кештің ашылуында «Журналистика және аударма ісі» кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқарушы Курманбаева Алма Алиевна қатысушыларға сәттілік тіледі.

 

Іс-шараға кафедраның профессор-оқытушылар құрамы Жагипарова Майра Мусаевна, Әлміш Жадыра, Ауезова Эльмира Жанабиловна барынша атсалысты. Сондай-ақ,  іс-шараға кафедраның қауымдастырылған профессоры Г.Х.Тулекова, сениор-лектор Г.Ж.Кенжебекова келді.

 

Біздің университеттің белсенді студенттері М. Шахановтың өлеңдері мен монологтарын оқып, еліміздің ұлттық мақтанышы болып табылатын ақынның ерекше тұлғасына деген таңданысы мен құрметін білдірді. Олар – «Журналистика» мамандығының 1, 2, 3 курс студенттері: Ернұр Рысбай, Назимов Мерхат, Мамырханова Дилдора, Жұмаш Гүлайым, Құлбекова Ақерке, Мұрат Жанерке, Алиева Аружан, Нұртөре Жұмағұл, Қиябаев Мәулетхан, Жылқыбай Нұрай және «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 1 курс студенті Рахымбай Мағжан.

Online қабылдау