Шетелдік шақырылған профессор, Доктор Думитру Голдбах (Румыния) докторанттарға наукометрия бойынша семинар өткізді

2022 жылы 13 желтоқсан күні «Тұран» университетінде PhD докторанттарына арналған наукометрия бойынша 3 сағаттық ғылыми семинар өткізілді. Ғылыми семинарды Бухарест Экономикалық зерттеулер университетінен (Румыния) шақырылған шетелдік профессор, PhD докторы Думитру Голдбах жүргізді. Бұл семинарға «Психология», «Құқықтану», «Экономика», «Менеджмент», «Қаржы» білім беру бағдарламаларының 1, 2, 3 курс докторанттары қатысты.

 

Доктор Думитру Голдбахтың ERASMUS бағдарламасы бойынша академиялық ұтқырлық, практикалық және академиялық тәжірибесі мол, еңбектері румындық және халықаралық жоғары дәрежелі басылымдарда жарияланған.

 

Бұл семинар докторанттарға арналған жоспарланған ғылыми семинарлар сериясының бір бөлігі болып табылады.

Online қабылдау