2023 жылғы 16 ақпанда “Тұран” университетінің “Маркетинг және Логистика” кафедрасы онлайн режимінде “USkills-up Marketing Battle” жоғары оқу орындары мен колледждерінің білім алушылары үшін маркетинг бойынша II Халықаралық турнир өткізеді.
Турнирдің мақсаты-ЖОО, колледж білім алушыларының әлеуетін анықтау және кәсіби деңгейін көтеру. Турнир алған білімдері мен дағдыларын маркетинг саласындағы практикалық мәселелерді шешу үшін, сондай-ақ маркетинг маманы мамандығын ілгерілету үшін қолданғысы келетіндер үшін өткізіледі. Конкурсты сараптамалық сүйемелдеуді маркетинг мамандары, кәсіпкерлер, қазақстандық Маркетинг және бизнес-құрылымдар қауымдастығының өкілдері жүзеге асырады.
“USkills-up Marketing Battle” турнирі 2 турдан тұрады:
Қатысушылардың сөз сөйлеуін бағалау келесі критерийлер бойынша 100 балдық жүйе бойынша жүзеге асырылады:
Турнир жеңімпаздары дипломдар, өзге де қатысушылар – қатысу сертификаттарын алады және баттлдың барлық қатысушылары “Тұран” университетінің символикасы бар естелік кәдесыйлар алады.