25 ақпанда «Тұран» университетінде «PSYFEST-TURAN» практикалық психологияның І фестивалі өтеді. Фестивальдің миссиясы – қоғамды психологиялық ағартуға, психология саласындағы адамдардың ой-өрісін кеңейтуге жәрдемдесу, сондай-ақ ісін жаңа бастаған және тәжірибеден өткен психологтарға кәсіби қолдау көрсету.
Фестиваль бағдарламасында трансформациялық және бизнес ойындар, арт-терапия, гештальт, НЛП, денеге бағытталған психотерапия, когнитивті-мінез-құлық психотерапиясы, дағдарыстық психология және т.б. салалардың халықаралық деңгейдегі мамандарының авторлық шеберлік сыныптары өтеді.
Фестивальдің барлық ақпараты мен бағдарламасы сілтеме бойынша қолжетімді.