2023 жылдың 9 ақпанында «Тұран» университетінде Рабига Хожамқұл, MD, MPH, PhD кандидат – Орталық Азия және Әзірбайжан бойынша Elsevier кеңесшісі «Индекстелетін журналда ғылыми мақаланы қалай жариялау және Scopus базасын пайдалана отырып, танымал автор болу» тақырыбында Elsevier компаниясының ғылыми-әдістемелік семинарының екінші бөлігін өткізді. Университет докторанттары мен оқытушыларына арналған семинарды «Тұран» кітапханасы және докторантура бөлімі ұйымдастырды. Семинар тақырыбы өзекті болды және тыңдаушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Семинар барысында ScienceDirect интернет-порталының және Scopus ғылыми мерзімді басылымдары мен дәйексөздер базасының жұмысы туралы айтылды.