2023 жылғы 10 наурызда Конституциялық сотта судьялардың қатысуымен Ғылыми-консультативтік кеңестің (ҒКК) бірінші ұйымдастыру отырысы өтті.
Отырыста Конституциялық Соттың еліміздегі заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын талқылау үшін ҒКК мүшелерін сарапшы ретінде шақыру, конституциялық сот ісін жүргізу аясында сараптамалық қорытындылар беру және басқа да өзекті құқықтық мәселелер талқыланды.
Айта кету керек, «Тұран» университетінің «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Сулейманов Акиф Фирудинұлы ҒАК мүшесі болды. «Тұран» университеті Сулейманов Акиф Фирудинұлын ғылыми-консультативтік кеңеске сайлануымен құттықтайды және табысты, жемісті жұмыс тілейді!
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының жанындағы ғылыми-консультативтік кеңестің құрамы