«Turan Model of United Nations 2023» халықаралық конференциясы

21-22 сәуір 2023 жылы Тұран университетінде «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасының ұйымдастыруымен әлемдік саясаттың өзекті мәселелерін талқылауға арналған жыл сайынғы «Turan Model of United Nations 2023» (TURAN MUN 2023) халықаралық конференциясы өткізілді. Конференция жұмысы, БҰҰ комитеттерінің отырыстарына ең жақын форматта өтеді.

 

Конференцияның ашылуына мемлекеттердің консулдары, дипломаттар қатысты: Алшанов Р.А., «Тұран» университетінің ректоры; Микаэла Фриберг-Стори, БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты Координаторы; Властимил Самек, БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі; Бөлегенов Б.Е., ҚР СІМ Алматы қаласындағы өкілдігінің Басшысы; Джастин Рашид, БҰҰ Қорғау және қауіпсіздік департаментінің қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі; Цзян Вэй, Қытайдың Алматыдағы Бас консулы; Юзеф Тымановски, Польшаның Алматыдағы Бас консулы; Эмре Карабатак, Түркия Республикасының Алматыдағы вице-консулы; Мохсен Фагани, Иран Ислам Республикасының Алматыдағы Бас консулы; Мелдеханов М.А., «Қазақстан Қызыл Жарты Ай» қоғамдастығының Бас директоры.

 

«TURAN MUN 2023» конференциясының ашылуының салтанатты бөлігінде «Тұран» университетінің студенттері «Соғыс және бейбітшілік» тақырыбында ән мен биден тұратын концерттік бағдарлама ұсынды. Сондай-ақ, «TURAN MUN» рөлдік ойынына бірнеше рет қатысқан оқушылар өз тәжірибелерімен бөлісті.

 

Конференцияға қатысушылар үш комитетте позициялық рөлдерді таңдады: Бас Ассамблея (GA, General Assembly); Қауіпсіздік Кеңесі (Security Council); ЮНЕСКО (UNESCО, Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы). Әр комитеттің мақсаты – талқыланатын мәселе бойынша консенсусқа келіп, қарар қабылдау.

 

«TURAN MUN» іс-шарасына 300-ге жуық студенттер мен оқушылар қатысты, оның ішінде Сүлейман Демирель университетінің, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, UIB, AlmaU, Narxoz, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясы студенттері, сонымен қатар түрлі қаладан келген 9-11 сынып оқушылары болды. «TURAN MUN 2023» халықаралық конференциясының жабылу салтанатында «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасы университет атынан жеңімпаздарға, қатысушылар мен делегаттарға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.

Online қабылдау