Кезекті мерекелік демалыс күндері бизнес-инкубатор базасында ашылған Trip with Turan компаниясының командасы “Тұран” колледжі мен университетінің үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, Алматы қаласының №118 мектебінің оқушылары мен мұғалімдерін “Қасиетті Түркістан” бағыты бойынша турға шығарды.
Сапарға: 32 адамнан тұратын мектептің оқытушылар құрамы, оның ішінде мектептің басқарушы кеңесі, сондай-ақ 140 адамнан тұратын бітіруші сынып оқушылары қатысты. Университет байқауында жеңіске жеткені үшін алған жүлделі ақшаға команда жазғы уақытта гидтер-экскурсоводтар курстарында оқыды және нәтижесінде осы сапарды сәтті өткізді. Маршрутта тур қатысушылары Түркістанның тарихи көрікті жерлерімен танысты, сондай-ақ Шымкент қаласына барды. Сапар қатысушылардың көптігіне қарамастан жоғары деңгейде өтті, деп атап өтті мұғалімдер мен ата-аналар.
Турда болашақ талапкерлерді тарту үшін қаламыздың және университеттің тарихына байланысты конкурстар мен викториналар өткізілді. Ең белсенді қатысушылар компанияның жеке қаражатына сатып алынған брендтік өнім түріндегі естелік сыйлықтармен марапатталды.
Турды “Туризм және сервис” кафедрасының сениор-лекторлары М.А. Мусаев пен Ә.Ж. Бүркітбай және “Тұран” колледжінің оқытушысы Д.С. Койчубаева әзірлеп, ұйымдастырды. “Тұран” университетінің студенттері К. Саутов, Н. Борсуков, А. Жәнібек, А. Имранзиев, А. Гиулаев белсенді қатысты.