Медициналық-сауықтыру орталығы

«ТҰРАН» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗ

Медициналық орталық жертөле қабатында орналасқан, 108 кабинет.

Университет аумағында дәрігердің тексеруі, медбике қызметі, инъекция, алғашқы көмек сияқты медициналық қызмет тегін көрсетіледі.

 

«Тұран» университетінің Медициналық орталығының пациенті бола отырып, сіз мыналарға құқылы боласыз:

  • диагноз, емдеу және болжамға қатысты нақты ақпарат алу;
  • медициналық көмек пен емдеуге қатысты шешімдер қабылдауға қатысу.

 

Сіздің міндеттеріңізге кіреді:

  • симптомдар мен медициналық көмек алу қажеттілігі туралы шынайы және нақты ақпарат беру;
  • сізбен бірге анықталған емдеу жоспарын орындау;
  • медицина қызметкерлеріне және басқа пациенттерге сыпайы және құрметпен қарау.

 

Медициналық орталыққа кім жүгіне алады?

Ауырып қалған немесе жарақат алған жағдайда «Тұран»университетінің медициналық орталығына хабарласыңыз. Медициналық орталықтың штатында дәрігер, тәжірибеші медбике, психолог бар.

 

Жұмыс кестесі:

Дүйсенбі – жұма 09:00-ден 18:00-ге дейін

Медициналық-сауықтыру орталығының меңгерушісі: Родионова Татьяна Николаевна

Телефон: 260-40-16

Сенім телефонының нөмірі: +7 707 374 74 08 Ахметова Эльмира Кажиевна (психолог)

Жаңадан келген студенттерге арналған медициналық құжаттар

Талапкер құжаттарды тапсыру кезінде «Тұран» университетінің медициналық орталығына (сабақтарға тіркеу кезінде мәселелердің пайда болдмауы үшін) төмендегі құжаттардың толық пакетін ұсынуы тиіс :

Келесі дәрігерлердің тексеруі енгізілген денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (№075/у нысаны):

  • Терапевт;
  • Офтальмолог (көз дәрігері);
  • Отоларинголог (ЛОР);
  • Хирург;
  • Невропатолог;

Аспаптық және зертханалық зерттеулер: флюорография, микрореакция және нәжіс/гельминттер.

075/у анықтамасын алу үшін сізде келесі анықтамалар дайын болуы керек:

Наркологиялық ұйымнан анықтама;

Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

Бұл анықтамаларды eGov.kz (наркологиядан анықтама, психоневрологиядан анықтама) порталы немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы алуға болады.

 

№ 065/у нысанының көшірмесі (вакцинация картасының, амбулаториялық картадан жүргізілген вакцинация туралы жазбалардың көшірмесі).

 

ҚР шегінен тыс жерде түсірілген кеуде қуысының рентген-суреті (флюорография) Алматыда рентгенологпен расталуы тиіс.

 

Шетелдік студенттер (ҚР резиденті емес) медициналық орталыққа төмендегі құжаттарды ұсынуы тиіс:

  • егу картасының көшірмесі.
  • Медициналық тексеру – 075 / у нысаны және кеуде қуысының рентгенографиясы (флюорография). (Алматы қаласына келгеннен кейін өтуіңіз керек)

 

Өз еліңізде ресімделген медициналық құжаттардың Қазақстанда жарамсыз болуы мүмкін екенін есте сақтаңыз.

 

Сондай-ақ Алматыға келгеннен кейін медициналық көмекті толық қамтитын ерікті медициналық сақтандыру пакетін сатып алуды ұсынамыз.

Жыл сайынғы флюорографиялық тексеру

Туберкулездің алдын алу және емдеу мемлекет пен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің заңнамалық актілерімен қолданатын Қазақстан Республикасының басым бағыттарының бірі. Жыл сайынғы профилактикалық флюорографиялық тексеру елдің барлық тұрғындары үшін міндетті және одан өтуден жалтару әкімшілік жазаға әкеп соғады.

 

Аурудың ерте сатысындағы туберкулезді емдеуге болады. Денсаулығыңызға қамқорлық жасаңыз ­­– флюорографиялық тексеруден уақтылы өтіңіз.

 

Барлық студенттер жыл сайын флюорографиялық тексеру мерзімінің аяқталуына қарай «Тұран» университетінің Медициналық орталығына флюорографиялық тексеру сипаттамасы бар суретті ұсынуға міндетті.

Online қабылдау