Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 5 мамырдағы №199 Бұйрығына сәйкес Тұран Университеті Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Еуропа және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне гранттық қаржыландыруға конкурс жариялайды.
Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі 26.05.2023 ж.
Байқау 30.05.2023 жылы өтеді
Оқушыларға қойылатын талаптар:
- Тұран университетінің 2-3 курс студенттері, мемлекеттік грант иелері;
- студенттің орташа бағасы (GPA) – 3,5 және одан жоғары;
- кем дегенде B2 деңгейде ағылшын тілінде сөйлеу (IELTS 5.5, TOEFL 46) / ағылшын тілі деңгейін растайтын тест тапсыру;
- академиялық және қаржылық қарыздардың, тәртіптік жазалардың болмауы;
- Тұран университетінде оқу кезінде академиялық емес қызмет болған жағдайда (спорт, волонтерлік, студенттік өмірге қатысу);
Жоғарыда аталған критерийлерге сәйкес келетін студенттер толтырылған өтініш формасын, транскриптті, шетел тілін білу сертификатын / IELTS сертификатын, TOEFL Халықаралық ынтымақтастық бөлімі 707кабинетке әкелуі керек.
Іріктеу кезеңдері:
- Бүкіл оқу кезеңіндегі академиялық үлгерім (транскрипт) 23.05.2023 ж. дейін;
- Ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтау.
Шет тілін меңгеру деңгейін келесі жолдармен растауға болады: шет тілін меңгеру сертификаты (IELTS, TOEFL) немесе тест тапсыру арқылы сертификатқа ие болу
- 2023 ж. 30 мамыр сағат 12.00-де ағылшын/қазақ/орыс тілдеріндегі сұхбат.
Жүктеп алу үшін құжаттар:
Контактілер:
international@turan-edu.kz
+7 747 8357246