«Тұран» университетінің «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасы РФ Президенті жанындағы РАНХиГС ұйымдастырған «Государственное управление и развитие России: цивилизационные вызовы и национальные интересы» халықаралық конференцияға секцияның серіктесі ретінде қатысты. Секция 2023 жылғы 15 мамырда «Мемлекеттік консалтинг: эволюция және революция» тақырыбында өтті. Ресей мен Қазақстандағы консалтингтің қазіргі жағдайына, оның ішінде билік органдарында басқарушылық консалтингтің даму перспективаларына қатысты мәселелер талқыланды. «Тұран» университетінен «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасының қауымдастырылған профессорлары А.Самай «Цифрлық технологиялар жағдайындағы саяси консалтинг» және Э. Асылтаева «Қазақстан мысалында мемлекеттік органдарда консалтингті жүзеге асыру практикасы» тақырыбында баяндама жасады.