2022-2023 оқу жылының көктемгі семестрінде, 23 сәуір мен 23 мамыр аралығында 2-ші оқу жылының үш докторанты Стамбул университетінде (Түркия) тағылымдамадан өтті. Стамбул университеті «QS Top Universities Ranking» әлемдік рейтингінде 850-1000 орынға ие.
«Қаржы» білім беру бағдарламасының докторанттары Абдинова Мақпал және Кан Людмила шетелдік ғылыми кеңесші профессор Салим Атеш Октардың (Prof. Dr. Salim Ateş OKTAR), ал «Менеджмент» білім беру бағдарламасының докторанты Альлжанова Аида – доцент Гүлтекин Алтунташтың (Dr. Gültekin ALTUNTAŞ) жетекшілігімен тағылымдамадан өтті.
Тағылымдама барысында докторанттар университеттің қызметімен танысты, кітапханада докторлық диссертацияға материалдар жинау бойынша жұмыс жүргізді, ғылыми-зерттеу жұмысы шеңберінде әдістеме және зерттеулер жүргізу мәселелері бойынша өздерінің ғылыми консультанттарынан бірқатар консультациялар алды. Тағылымдама аяқталғаннан кейін докторанттар шетелдік ғылыми тағылымдамадан өткені туралы сертификаттар алды.