Түркиядағы Bilecik Şeyh Edebali университетімен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

Туран университеті мен Түркияның  Bilecik Şeyh Edebali университеті арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл ынтымақтастық екі университеттің студенттеріне, магистранттарына, докторанттарына және оқытушыларына академиялық ұтқырлық бойынша оқу және тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді.

 

Bilecik Şeyh Edebali университеті 2007 жылы құрылған және Түркияның солтүстік-батыс бөлігіндегі Биледжик қаласында орналасқан. Университетте 11 факультет, бір институт, бір шет тілдер мектебі, жеті кәсіптік-техникалық мектеп және төрт зерттеу орталығы бар.

Online қабылдау