Тұран Университетінде Орнықты Даму Мақсаттарын іске асыру туралы

Тұрақты даму мақсаттары кедей, бай немесе орташа дамыған елдер болса да, барлығын қамти алатындай әмбебап әрекетке шақыра алатын үндеу болып табылады. Бұл мақсатттар біздің планетамыздың әл-ауқатын арттыруға және қорғауға бағытталған. Мемлекеттер кедейлікті жою жөніндегі күш-жігерін, экономикалық өсуді ынталандыру және білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, сондай-ақ климаттың өзгеруіне қарсы күрес және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы бірқатар мәселелерді шешу жөніндегі бастамалармен ұштастыра жүргізілуге тиіс екенін мойындайды.

 

Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) – бұл 2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы «Барлығының жақсы және тұрақты болашағына қол жеткізу жоспары» ретінде белгілеген 17 өзара байланысты мақсаттар жиынтығы. Бұл мақсаттар Бас Ассамблеяның «2030 жылға дейінгі күн тәртібі» деп аталатын отырысында белгіленді және олар Мыңжылдық декларациясында тұжырымдалған даму мақсаттарының орнына келді. Бас Ассамблеяның «Біздің әлемді қайта құру: 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму күн тәртібі» қорытынды құжаты 17 жаһандық мақсат пен 169 байланысты міндеттерді қамтиды.

 

Тұран Университеті қоғамға және қоршаған ортаға оң әсер ету үшін біздің миссиямыз бен құндылықтарымызды ТДМ-ға сәйкестендірудің маңыздылығын мойындайды. Университет студенттер мен қауымдастық мүшелерінің әлемімізді өзгертуге үлес қосуы үшін қажетті білім мен дағдыларды алуын қамтамасыз ете отырып жауапкершілік мәдениеті, тұрақты даму және инновациялық даму бағытына бет алған.

 

Тұран Университетінде білім беру мен ғылыми зерттеулер жүргізу тұрақты және гүлденген болашақты қалыптастырудың қуатты құралы болып табылады.

 

Тұран Университеті өзінің білім беру және зерттеу қызметін жүзеге асыра отырып, келесі мақсаттарға жету үшін ТДМ-ны қамтуға және біріктіруге тырысады:

Online қабылдау