2023 жылғы 5-7 қазан аралығында Біріккен Араб Әмірліктері университетінің (Әбу-Даби қ., БАӘ) шақырылған профессоры Татьяна Карабчук Тұран университетінің PhD докторанттарына арналған «Академиялық жазу» пәні бойынша сабақ модулін өткізді.
Татьяна Карабчук – әлеуметтік ғылымдар саласындағы маман, көптеген жарияланымдары бар, оның ішінде – Scopus базасында 25-тен астам, h-index 6; сондай-ақ БАӘ, Жапония, Германия, Венгрия ЖОО-ларының, БҰҰ, ЕҚДБ, АДБ және т. б. халықаралық ұйымдардың зерттеу жобаларының мүшесі.
Бұл курсқа 1, 2, 3, курс «Экономика», «Менеджмент», «Қаржы», «Психология», «Құқықтану» білім беру бағдарламаларының докторанттары қатысты. Сабақтар модульдік форматта өтті. Сабақ барысында профессор Карабчук зерттеу жүргізу ерекшеліктерімен, диссертациялар мен ғылыми мақалаларды дайындау және жазу әдістемесімен бөлісті. Модуль аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.