2023 ж. 9 қазан «Тұран» университетінде БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стройдің «Тұрақты даму мақсаттары» тақырыбында ашық дәрісі өтті. Кездесуге, сондай-ақ «Тұран» университетінің ректоры Алшанов Рахман Алшанұлы және БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің Қазақстандағы өкілі Властимил Самек қатысты.
Дәріс барысында БҰҰ-ның 17 Тұрақты даму мақсаты, тұрақты дамудың басым мәселелері және БҰҰ-ның Қазақстанда тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырудағы рөлі талқыланды.
Студенттер тұрақты даму мақсаттары туралы сұрақтарына жауап алу мүмкіндігіне ие болды. Дәріске қатысушылар БҰҰ қабылдаған Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру мемлекеттер үшін барлық негізгі салаларын тұрақты дамытуға және әрбір адамға қатысты жаһандық мәселелерді шешуге әкелетінін атап өтті.