Журналистика – бұл мамандық емес, өмір салты. Сіздің өмірге көзқарасыңыз. Философия.
Егер де сіз болып жатқан жағдайға немқұрайлы қарамасаңыз, өз позицияң, өз пікіріңіз болса және әлемді жақсыға өзгерткің келсе – бұл сенің жолың)
Ғасырымыздағы журналист дегеніміз – “әмбебап солдат”. Мәтіндерді шебер жазу-бүгінгі күні негізгі, бірақ жаңалықтармен немесе аналитикалық материалдармен жұмыс істеу үшін тамаша меңгеруі қажет жалғыз дағды емес. Бір материалда ақпаратты ұсынудың әртүрлі тәсілдері мен құралдарын пайдалану, мәтіндік толықтыруды берудің әртүрлілігі, анимация, фото, инфографика, бейнематериалдар, дыбыстық сүйемелдеу, интерактивті элементтерді қорға енгізу – міне қазіргі медиаортаның атрибуттары. Бүгінгі таңда контент пайдаланушыларға ыңғайлы, жинақы, креативті, көрнекі және әр түрлі форматтарда ұсынылады. Бірақ ең керемет форма ешқашан мазмұнның босдығын жасыра алмайды.
Бізде оқып, қызықты, жан-жақты, терең және шексіз шығармашылық үдерістің бір бөлігі бол!
Бізбен бірге кәсіби бол!
Шифр: 6В03201
Қабылдау шарттары
Қабылдау күндізгі бөлімде жүргізіледі. Бағдарламаға қабылдау мемлекеттік, ішкі гранттарға және ақылы орындарға жүзеге асырылады.
Оқу мерзімі:
Екі шығармашылық емтиханы
Біздің Инстаграм:
Біздің Фейсбук:
Журналистика бойынша магистратурада оқу – бұл өз білімін тереңдетіп, кәсіби ортада бәсекелестік артықшылыққа ие болғысы келетіндер үшін маңызды қадам. Медиа әлемі тез өзгеруде және үнемі жетілдіру мен дағдыларды жаңартуды қажет етеді. Сіз SMM, подкастинг, деректерді визуализациялау және медиадизайн үшін әртүрлі сандық құралдарды тиімді пайдалануды үйренесіз.
Журналистиканың жалған ақпарат, қақтығыстар және цифрлық манипуляциялар жағдайында маңыздылығы арта түсуде. Оқыту сыни тұрғыдан ойлауды және фейктерге төзімділікті дамытуға, сондай-ақ ақпаратқа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сізді медиа үдерістерді терең зерттеу, аудиторияны талдау, әлеуметтанулық және контент-зерттеулер жүргізу, ғылыми жұмыстар жазу, конференцияларға және басқа да академиялық іс-шараларға қатысу, практиктермен және топ-менеджерлермен кездесулер күтеді.
Магистр дипломы оқытушылық және сараптамалық қызметке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл әсіресе аналитикада жұмыс істеуді немесе докторантурада оқуды жалғастыруды жоспарлайтындар үшін өте маңызды.
Шифр:
7M03201-Ғылыми-педагогикалық
Екі қабылдау емтиханы:
Оқыту формасы: күндізгі
Оқу мерзімі: 2 жыл (ғылыми және педагогикалық бағыт)
Академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында магистранттар Түркия, Польша, Малайзия және т. б. таңдаулы серіктес жоғары оқу орындарында оқуға мүмкіндік алады.
Біздің түлектер: