Докторантура бөлімінің директоры Г. К. Ниеталинаның EMI (Entrepreneurship & Social Sciences Congress) Халықаралық Конгресіне қатысуы

2023 жылғы 7-10 қарашада Ташкентте (Өзбекстан) 9-шы Халықаралық “EMI: Кәсіпкерлік және әлеуметтік ғылымдар” Конгресі өтті, ол 2018 жылдан бастап әртүрлі елдерде өткізіліп келеді. Конгресстің мақсаты – ғалымдардың, кәсіпкерлердің, өнер қайраткерлерінің, мемлекеттік және жеке сектор менеджерлерінің қатысуымен академиялық, әлеуметтік және мәдени капиталды дамыту.

 

Конгреске Ниеталина Гаухар Құдайбергенқызы, экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, докторантура бөлімінің директоры қатысты, ол “ Innovative entrepreneurship: problems and prospects of development in Kazakhstan ” тақырыбында баяндама жасады, сондай-ақ Таменова Салтанат Сәрсенбайқызы, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, өңірдің инновациялық даму орталығының директоры қатысты. Жалпы, конгрессте әлемнің 25 елінен 300-ден астам ғалым қатысты, кәсіпкерлік, менеджмент, әлеуметтік ғылымдар және басқа да салалар бойынша ғылыми зерттеулер талқыланды. Офлайн секциялардың барлық қатысушыларына сертификаттар берілді. Конгресс қорытындысы бойынша ISBN тағайындаумен “Материалдар жинағы” жарияланады.

 

9-шы EMI Конгресі Central Asian University, TEAM University, Джизак мемлекеттік педагогикалық институтымен (Өзбекстан), Istanbul Nişantaşı University, Istanbul Gedik University, Manisa Celal Bayar University, CEO TEKMER (Түркия), Тұран Университетімен (Қазақстан), Eastern Mediterranean University (Солтүстік Кипр), University of Stavanger (Норвегия), Vizyon University (Македония), Van Horne Construction (Канада) бірлесіп ұйымдастырылды. Тұран Университеті екінші рет ұйымдастырушы болып табылады, 2022 жылы EMI Конгресіне сыртқы байланыстар және докторантура жөніндегі проректор Гүлжанат Жұбатқанқызы Таяуова қатысты.

Online қабылдау