«Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының оқытушылары мен білім алушыларына арналған «IT саласындағы зияткерлік меншікті қорғау» ғылыми онлайн-семинары

Тұрақты даму Мақсаттарын іске асыру үшін (9 – тұрақты инфрақұрылым құру, барлығын қамтитын және орнықты индустрияландыру мен инновацияларға жәрдемдесуі) 2023 жылы 23 қазанда “Тұран” университетінде «IT саласындағы зияткерлік меншікті қорғау» тақырыбында ғылыми онлайн-семинар өткізілді.

 

Шақырылған спикер-Ескендирова Дамеля Мақсұтқызы, т.ғ. к., Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің “Киберқауіпсіздік” кафедрасының ассистент профессоры, зияткерлік меншік бойынша Жазғы мектептің қатысушысы, (Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының сертификаты, Женева қ.). Семинарда Дамеля Мақсұтқызы “Ақпараттық технологиялар” кафедрасының оқытушыларымен және білім алушыларымен IT саласындағы зияткерлік меншікті қорғау ерекшеліктерімен бөлісті, патентке не беруге болатынын және авторлық құқық объектісі болып табылатынын айтты. Сондай-ақ, семинарда “Тұран” Университетінің “Ақпараттық технологиялар” кафедрасының профессоры, т.ғ.к. Исмаилова Рауза Толтаевна сөз сөйлеп, авторлық куәлікке бағдарлама беру алгоритмі туралы айтты.

 

Семинар модераторы-Ким Екатерина Романовна, т.ғ.к., “Тұран” Университетінің “Ақпараттық технологиялар” кафедрасының  қауым. профессоры.

Online қабылдау