2023 жылдың 7 – 8 желтоқсанында «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының профессоры, т.ғ.к. Алаева Г.Т. Ресей ғылым академиясының Федералдық ғылыми-зерттеу социологиялық орталығының Демографиялық зерттеулер институты (Мәскеу, Ресей) ұйымдастырған «Еуразиядағы көші-қон көпірлері: көші-қон тұрақты даму ресурсы ретінде» XV халықаралық ғылыми-тәжірибелік форумына қатысты. Профессор Алаева Г.Т. «Қазақстандағы білім көші-қоны» баяндамасын жасап, БҰҰ-ның «Сапалы білім – лайықты өмір мен тұрақты дамудың негізі» 4 ТДМ жүзеге асыру аясында Қазақстанда білім көші-қоны белсенді дамып келе жатқанын, қазіргі заманғы үрдістерді және білім көші-қонының жаңа міндеттерін атап өтті. Баяндамаға қатысушылар арасында үлкен қызығушылық пен қызу пікірталас туындады.