2023 жылдың 17 қарашасында акт залында қайырымдылық кино кеші өтті, оған фильм көрсетілімі және іс-шара соңында қосымша қаражат жинау кірді. Кинокөрсетілім алдында кішігірім концерттік бағдарлама өтті. Бағдарламаға университеттің студенттері өнер көрсетуі кірді.
Қайырымдылық кино кешінің мақсаты-церебральды сал ауруы, қос гемиплегия және эпилепсияның ауыр дәрежесі диагнозы қойылған Мұхтар Дәуренге сүйек кемігін трансплантациялау үшін қаражат жинау. Акт залына кіре берісте тағамдар мен сусындар сатылды, ал сатудан түскен қаражат қайырымдылық қажеттіліктерге бағытталды. Жалпы жиналған сома 110 734 теңгені құрады.
Фильм көрсетілімі көрермендерге драмадан комедияға дейінгі әр түрлі кино жанрларын тамашалауға мүмкіндік берді. Іс-шараға қатысу мұқтаж адамдарға қолдау көрсете отырып, қайырымдылыққа маңызды үлес болды. “Тұран” университетіндегі кино кеші студенттерді, оқытушылар мен қонақтарды қайырымдылық бастамаларын қолдауда біріктіре отырып, әлеуметтік жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтті.