«Тұран» университеті Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының иегері бола отырып, сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесін белсенді түрде жетілдіреді, ISO 9001:2015 сәйкес сапа менеджменті жүйесінің тиімді жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз етеді.
2024 жылдың 8–12 қаңтары аралығында Педагогикалық шеберлік мектебі аясында университетте «ISO 9001: 2015 халықаралық сапа стандарттары, ESG және Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының моделі негізінде университеттің құжаттамалық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру» тақырыбында семинар өткізілді.
ISO 9001:2015 сапа менеджментінің заманауи қағидаттары мен талаптары негізінде құжаттау мен құжаттаманы басқару саласында корпоративтік оқытуға кафедра оқытушылары, әдіскерлері және бөлімше мамандары қатысты.
Оқыту барысында сапа менеджменті және аккредиттеу бөлімінің басшысы Г.Х. Кузнецова қызметкерлерді университеттің сапасын қамтамасыз етудің ішкі жүйесін ұйымдастырудағы процестік тәсілмен, «цифрлық университет» жағдайында құжаттау мен құжат айналымын ұйымдастыру тәртібімен, сондай-ақ университеттік білім беру сапасының ESG стандарттарына сәйкестігін құжаттамалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптармен таныстырды.