«Тұран» университетінде ғылыми және кәсіпкерлік шеберлікті дамыту мақсатында инновациялық коворкинг-хабтың ашылу салтанаты өтті.
Университет ғылым мен бизнес саласында идеялар алмасып, оңтайлы шешімдерді іздеу үшін серпінді орта құра отырып, өзін ғылыми және инновациялық бастамалардың орталығы ретінде ұсынады. Коворкинг-хаб университеттің ынтымақтастықты, шығармашылықты және кәсіпкерлікті дамытуға ұмтылуындағы маңызды кезеңді бейнелейді.
Коворкинг-хаб зерттеушілердің, кәсіпкерлердің ғылым мен бизнестің қазіргі жағдайы мен болашақтағы дамуы үшін оңтайлы шешімдерді табу мақсатында бірлесе жұмыс жасай алатын ынтымақтастық экожүйесі ретінде құрылған.
Коворкинг орталығы әртүрлі коворкинг аймақтарын қамтиды, олардың әрқайсысы ғылыми нәтижелер мен инновацияларды әзірлеу және коммерцияландыруды жеңілдетуге арналған, соның ішінде:
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов «Тұран» университетіндегі инновациялық коворкинг-хабтың ашылуына қатысты.
⠀
Ашылу салтанаты барысында Асхат Аймағамбетов: «Университеттің бағыты студенттік-орталықтандырылған оқыту болып табылады. Біз білікті кадрлар даярлауымыз керек, «Тұран» университетінде дәл осы модель іске асырылуда, барлығы студенттің жақсы және сапалы білім алуы мен еңбек нарығына шығуы үшін жасалуда», – деп атап өтті.
⠀
Сонымен қатар «Тұран өркениеті» халықаралық зерттеу орталығының ашылу салтанатына 15 елдің консулдары мен дипломатиялық корпусы қатысты.