2023 жылдың 22 желтоқсанында «Тұран» университетінде дайындық факультетінің «А1» тобында «Орыс тілі әлемдегі Жаңа Жыл туралы» тақырыбында ашық сабақ өтті

2023 жылдың 22 желтоқсанында «Тұран» университетінде дарынды мұғалім Жаппар Қ.З. дайындық факультетінің тобында қызықты ашық сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы әртүрлі мәдениеттердің Жаңа жылды тойлау дәстүрлеріне арналды.

 

Бұл сабақтың мақсаты айқын болды – өтілген материалдың негізгі тұстарын меңгеру және қайталау. Германия, АҚШ, Қытай және Ауғанстан елдерінен келген студенттеріміз орыс тілін үйренуге арнайы келді және бұл сабақ олардың жетістіктерін көрсетуге тамаша мүмкіндік болды.

 

Қарлығаш Зейнелқызының жетекшілігімен студенттер материалды сәтті қайталап қана қоймай, өз елдерінде Жаңа жылды тойлаудың қызықты дәстүрлерімен бөлісті. Студенттер көшедегі түрлі-түсті мерекелер мен таң қалдыратын отшашулар туралы айтып, отбасылық дастархан мен дәстүрлі киімдердің маңыздылығын атап өтті, жаңа жылдың басталуын білдіретін ерекше әдет-ғұрыптар мен рәсімдермен бөлісті.

 

Бұл дәстүр алмасу мәдениеттер арасында ерекше бірлік пен түсіністік атмосферасын тудырды. Барлық студенттерге қатысқандары және білімге деген құлшынысы үшін алғыс айтамыз, алдағы уақытта да жеңістер тілейміз!

 

Ашық сабаққа сонымен қатар ДМПК директоры Нуртаева Д.К. және журналистика және аударма кафедрасынан орыстану пәнінің оқытушылары шақырылды. Қонақтар студенттердің аз ғана уақыт ішінде үлкен жетістікке жеткенін атап өтті.

Online қабылдау