«Тұран» университетінде болашақ магистранттарға арналған фестиваль өтті

29 қаңтар мен 2 ақпан аралығында «Тұран» университетінде болашақ магистранттарға арналған TURAN FEST ашық есіктер фестивалі өтті.

 

TURAN FEST – бұл білім әлеміне еніп, жаңа көкжиектерді ашудың, болашақ мансапқа қадам жасаудың, сонымен қатар түрлі салалардың үздік сарапшыларынан бірегей тәжірибе алудың керемет мүмкіндігі.

 

Іс-шара спикерлері:

 

  • Амир Жанна – «FreedomFinance Kazakhstan» АҚ-ның HR Business Partner.
  • Анна Осипова – «Аутсорсингтегі бизнес негізін қалаушылар қауымдастығының» негізін қалаушы, Қазақстанның іскер әйелдері кеңесінің мүшесі, Business FM арнасындағы «Бренд адвокаты» жобасының авторы, «Тұран» университетінің түлегі.
  • Аққожа Дастан – контентмейкер, Steppe&World баспасының амбассадоры, «Тұран» университетінің түлегі.
  • Кулишева Асель – Goldberg & Gilmore Law Firm басқарушы серіктесі, DBA Turan докторанты.
  • Темников Дмитрий – тәжірибелі психолог, «Тұран» университетінің магистранты.
  • Амиров Тимур – «АС-Трейд» ЖШС заңгері, «Тұран» университетінің докторанты.
  • Кожаева Айнагуль – «Транспроэксервис» ЖШС бас бухгалтері, «Тұран» университеті «Есеп және аудит» ББ түлегі.
  • Кан Эдуард – Coursera Орталық Азиядағы бизнесті дамыту жөніндегі директоры.
  • Костылев Александр Викторович – кинооператор, «Тұран» университеті TFA Жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры, өнертану магистрі, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері.
  • Нарымбетов Ескендір Сатыбалдыұлы – оператор, «Тұран» университетінің TFA Жоғары мектебінің сеньор лекторы, Операторлық өнер бойынша халықаралық сыйлықтардың иегері.
  • Литвинцева Елена Ананьевна – әлеуметтану ғ.д., Мемлекеттік қызмет және басқару институтының ғылыми хатшысы, «Басқару жүйелерін ұйымдастырушылық жобалау» кафедрасының меңгерушісі (Мәскеу, Ресей).
  • Сикиринская Каролина Александровна – Мемлекеттік қызмет және басқару институтының халықаралық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі (Мәскеу, Ресей).
  • Самай Алина Диасовна – саясат ғылымдарының кандидаты, «Тұран» университетінің «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасының қауым. профессоры.
  • Лысенко Александр – DataArt компаниясының веб-әзірлеушісі.
  • Владимир Попов – Professionalize Kazakhstan Alumni, Masters Student at KBTU, Draper’s University “Hero Training” Alumni, Huawei “Seeds for the Future” in Doha, Qatar, бірнеше стартаптардың негізін қалаушы.

Қатысушылар университеттің білім беру бағдарламалары, қабылдау шарттары және мансап перспективалары туралы өзекті ақпарат алып, пікірлес адамдармен тәжірибе алмасып, болашақ жобаларға жаңа серіктестер таба алды.

Келесі жүздескенше, сіздерді университетімізде күтеміз!

Online қабылдау