2024 жылдың 3–5 сәуірі аралығында халықаралық мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі (АРТА) сыртқы сараптау комиссиясының «Тұран» университетіне үш күндік сапары өтті.
Аккредиттеу рәсіміне 13 білім беру бағдарламасы қатысты.
Сапар барысында бекітілген бағдарламаға сәйкес сарапшылар университет басшылығымен, факультет декандарымен, кафедра меңгерушілерімен және білім беру бағдарламаларының басшыларымен, құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен кездесіп; профессор-оқытушылар құрамымен, білім алушылармен, жұмыс берушілермен және университет түлектерімен сұхбат жүргізді; білім алушылар мен ПОҚ-тан сауалнама алды; университеттің оқу-материалдық базасын тексерді; тәжірибе базасына – кәсіпорындарға барды.
Сондай-ақ сапар барысында сарапшылар кесте бойынша ПОҚ сабақтарына қатысып, кафедралар мен басқа да бөлімшелердің құжаттамасымен жұмыс жүргізді. Университет ұсынған ішкі нормативтік құжаттарды және сапар барысында алынған ақпаратты зерделеу негізінде сараптама тобы аккредиттелетін білім беру бағдарламаларының сапасын одан әрі арттыру мақсатында бірқатар ұсынымдар әзірледі. Ұсынымдар сыртқы сараптама комиссиясының университет басшылығымен қорытынды кездесуінде ұсынылды.