Туризм және қонақжайлылық жоғары мектебі білім алушыларының Республика күніне орайластырылған «Таңбалы» ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра объектісіне экскурсиясы

25 қазан – Қазақстанда Республика күні атап өтілетін маңызды мереке. Осы айтулы күнге орай «Туризм» білім беру бағдарламасының  3 және 4 курс студенттері оқытушы А.В. Величконың жетекшілігімен «Таңбалы» қорық-мұражайына экскурсия жасады. «Таңбалы» – ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген Қазақстандағы екінші нысан, еліміздің тарихи және мәдени мұраларының бірі.

 

Бұл киелі ескерткішке бару студенттерге өз елінің тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілікті оятып, ұлттық құндылықтарды тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл саяхат «Экскурсиятану» пәні аясында білім алушылардың экскурсия жүргізудің кәсіби дағдыларын шыңдауға арналған тамаша тәжірибе болды.

Online қабылдау