2024 жылдың 11-19 қазаны аралығында «Психология» және «Клиникалық психология» білім беру бағдарламаларының екінші курс магистранттары бакалавриат студенттеріне ұстаздық ету аясында практикалық сабақтар мен семинарлар циклын ұйымдастырды. Педагогикалық практика аясында өткізілген бұл шара бакалавриат студенттеріне психологияның қазіргі заманғы тәсілдерімен танысуға және кәсіби көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік берді.