«Брендті бәсекелестер мен сквоттерлерден қорғау» тақырыбындағы қонақ дәрісі

Біздің маркетологтар әрдайым зияткерлік меншік нысандарымен жұмыс істейді. Оларды бәсекелестерден, әсіресе сквоттерлерден қалай қорғау керектігі туралы бізге қазақстандық «ARBIS» заң фирмасы ЖШС директоры әрі заңгері Сейітқанова Малика Бақытбекқызы айтып берді.

 

Студенттермен бірге сүт саласындағы патентке иелік ету құқығы үшін сот даулары, ойын-сауық және қоғамдық тамақтану индустриясындағы тауар белгісі үшін күрес, сондай-ақ бизнестің басқа да салаларындағы жағдайлар талқыланды.

 

Маркетологтардың авторлық құқықтарын және өз еңбектерінің басқа да құқықтарын қалай қорғау керектігін Сейітқанова Малика түсіндірді.

 

Қонақ дәрісі 12 наурыз күні «Брендті басқару» пәні аясында өткізілді.

 

🌷Қызықты кездесу және қазақстандық кейстер үшін Сейітқанова Малика Бақытбекқызына алғыс білдіреміз

🌷Кездесуді ұйымдастырушы – Каирова Әсел Ахатқанқызы, Маркетинг және логистика жоғары мектебінің сениор-лекторы

Online қабылдау