Польшадағы докторанттардың ғылыми тағылымдамасы

2025 жылғы 14 сәуір мен 14 мамыр аралығында 2 курстың 5 докторанты (“Құқықтану” БББ: Жайлина Амина, Қалмырза Ғазиза, Бақыт Сара, және “Қаржы” БББ: Бейсенғалиева Әлия, Байғазинова Дана) Гданьск университетінде (Польша) ғылыми тағылымдамадан өтті.

 

Гданьск университеті – Uniwersytet Gdański-1970 жылы 20 наурызда құрылған, профессорлық-оқытушылық құрамы 1664 ғылыми қызметкерден тұрады. Гданьск мемлекеттік университеті-Солтүстік Польшадағы ең ірі жоғары оқу орны. Гданьск университеті QS World University Rankings құрамына кіреді, 851-900.

 

Ғылыми тағылымдама барысында докторанттар университеттің материалдық базасымен, кітапханамен және оқу орталықтарымен танысып, университеттің Ғылыми іс-шараларына қатысты. Тағылымдамаға жалпы басшылықты Prof. Dr. Hab. Edvardas Juchnevicius жүзеге асырды. Ғылыми кеңесшілердің жетекшілігімен докторанттар зерттеу жұмыстарын жүргізіп, гипотезалар мен ғылыми тәсілдерді талқылады. Сондай-ақ халықаралық рейтингтік басылымдарда мақаланы жариялауға дайындық жұмыстарын жүргізді. Тағылымдамадан өту нәтижелері бойынша докторанттар сертификаттар алды.

Online қабылдау