Turan Film Academy жоғары мектебінің студенттері мен түлектері халықаралық X Baiqonyr IFF кинофестивалінде өз фильмдерін көрсетіп, маызды жүлделерге ие болды:
- «Үздік операторлық жұмыс» – Елеазар Лиханов («Есімде» к/ф үшін) – А. В. Костылев шеберханасы;
- «Үздік режиссер» және BankCenterCredit гранты – Луиза Зарипова («Анонимділікті сақтау» к/ф үшін) – А. С. Найзабеков шеберханасы;
- «Қазылар алқасының арнайы жүлдесі» және Bank CenterCredit гранты – Салимжан Амир («Täwekel» к/ф үшін) – Д. С. Азимжанов шеберханасы;
- NETPAC қазылар алқасының жүлдесі және Bank CenterCredit гранты – Ануарбек Хамитов («Аңсар» к/ф үшін) – А.Т. Әбдіков шеберханасы.
- «Қызыл гранат» қазылар алқасының арнайы сыйлығы – Ульяна Коваценко («Қиял» к/ф үшін) – Я. Д. Альжанова шеберханасы.
Біздің талантты студенттеріміз мен мұғалімдерімізді лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!