FutureToday Career Forum Алматыда өтті

16 сәуір күні Алматы қаласында FutureToday Career Forum атты студенттер мен жаңа түлектерге арналған мансап форумы өтті. Іс-шара “Туран” университетінің Карьера және көшбасшылық орталығымен серіктестікте ұйымдастырылды.

 

Форумға мансап жолын енді бастаған 350-ден астам қатысушы келді. 10 жетекші компания өз командаларын таныстырып, жұмысқа орналасу бойынша пайдалы кеңестер берді және жас мамандардан не күтетінін айтты.

 

Бағдарлама аясында шеберлік сабақтары, интерактивті сессиялар, лотереялар және сұрақ-жауап форматындағы кездесулер өтті. Сонымен қатар, жұмыс іздеуге қатысты «зиянды кеңестер» секілді ерекше форматтар да ұсынылды. Қатысушыларға форумның әсерлі атмосферасын толықтыратын фирмалық мерч табысталды.

 

“Туран” университетінің студенттері белсенділік танытып, форумның жарқын әрі серпінді өтуіне өз үлесін қосты.

 

FutureToday Career Forum — жұмыс берушілер мен жас мамандар арасында тікелей байланыс орнатуға, сондай-ақ компаниялардың жұмыс беруші ретіндегі брендін студенттер арасында нығайтуға арналған тиімді алаң болды.

 

Фотосуреттер мен толық ақпарат — төмендегі карточкаларда.

Online қабылдау