Білім алушыларға экологиялық тәрбие беру мақсатында 2023 жылғы 28 қыркүйекте э.ғ.к., «Тұран» университетінің «Маркетинг және логистика» жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры Кренгауз Ирина Наумовна «Маркетинг» мамандығының 3 курс студенттеріне экологиялық дәріс өткізді. Дәріс тақырыбы: «Арзан және таза энергия».
Кренгауз И.Н. Тұрақты даму мақсаты 7 туралы айтып берді: қазіргі заманғы энергиямен жабдықтауға жалпыға бірдей қол жеткізу, жаңартылатын көздерден алынатын энергия үлесін ұлғайту, энергия тиімділігін арттырудың жаһандық көрсеткішін екі есеге арттыру, технологияларды зерттеу жүргізу, экологиялық таза энергетикаға инвестицияларды дамыту, дамушы елдердегі энергиямен жабдықтау технологияларын кеңейту және жаңғырту, энергия үнемдеудің қазіргі заманғы мәселелері. Соңында лектор студенттерге электр энергиясын үнемдеу және таза энергияны пайдалану бойынша бірнеше ұсыныстар берді.
Дәріс студенттердің қызығушылығы мен оң пікірлерін тудырды. Олар мұқият тыңдап, сұрақтар қойып, талқылауға белсенді қатысып, өз пікірлерін білдірді. Лектордың сөз сөйлеуі жоғары ғылыми-теориялық деңгейде өтті, білім алушылар үшін өте қызықты, мазмұнды, танымдық және пайдалы болды.