Экоакция «Табиғатты аялау және демалыс күнгі жорық»

«Туристік-экскурсиялық және спорттық дайындық» пәні аясында «Туризм» білім беру бағдарламасының студенттері кәсіби дағдылар мен экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған экологиялық бастамалар мен тәжірибелік сабақтарды жүйелі түрде өткізіп келеді.

 

2025 жылғы 9 қазанда «Туризм» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері Проходное шатқалы арқылы Терра және Алёшкин көпірі алаңына дейін демалыс күнгі жорық жасады. Маршрут барысында студенттер туристік техника элементтерін, бағдарлау мен жорықтарды ұйымдастыру дағдыларын пысықтап, кері қайтарда аймақты қоқыстан тазартып, жағалаудағы кеңістіктерді де жинастырды.

 

Мұндай бастамалар болашақ туризм саласының мамандарында физикалық төзімділік пен практикалық дағдыларды ғана емес, сонымен қатар экологиялық жауапкершілікті, туған табиғатқа деген сүйіспеншілікті және қоршаған ортаға саналы көзқарасты қалыптастырады.

 

Аталған іс-шаралар БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) сәйкес келеді, атап айтқанда:

 

  • ТДМ 4 – «Сапалы білім» (студенттердің экологиялық және азаматтық санасын қалыптастыру арқылы),
  • ТДМ 6 – «Таза су және санитария» (жағалауларды тазарту және су ресурстарын ұқыпты пайдалану арқылы),
  • ТДМ 11 – «Тұрақты қалалар мен елді мекендер» (табиғи аймақтардың тазалығын және абаттандырылуын қолдау арқылы),
  • ТДМ 13 – «Климаттың өзгеруіне қарсы күрес» (табиғаттағы жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру арқылы),
  • ТДМ 15 – «Құрлық экожүйелерін сақтау».

 

Жорыққа жетекшілік еткендер – Туризм және қонақжайлылық жоғары мектебінің оқытушылары Эргешов А.А. және Величко А.В.

Online қабылдау