«Туризм» және «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламаларының студенттерінің оқу сапары

«Өлкетану және музейтану» және «Ивент-менеджмент» пәндерін оқу аясында, сондай-ақ эдвайзерлік жұмыс шеңберінде «Туризм» және «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламаларының 3-курс студенттері Галия Шаукетқызы Файзуллина мен Бекахмет Гүлжан Бауыржанқызы оқытушыларының жетекшілігімен «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайына және Есік көліне барған болатын.

 

2025 жылғы 11 қазанда өткен экскурсия барысында студенттер өңірдің тарихи-мәдени мұрасымен, «Алтын адамға» арналған экспозициямен танысып, музей жұмысының ерекшеліктері мен мәдени құндылықтарды сақтау тәжірибесін зерделеді.

 

Сабақтың тәжірибелік бөлігі туристік және мәдени іс-шараларды ұйымдастыру барысын зерттеу мен бақылауға бағытталды. Сондай-ақ студенттер осы туристік орындардың мәдени және табиғи әлеуетін ілгерілету тәсілдерін талдаумен айналысты. Бұдан бөлек, студенттерге өмірдің өзекті мәселелері талқыланған эдвайзерлік сағаттар өткізілді.

 

Мұндай оқу сапарлары студенттердің тәжірибелік құзыреттерін қалыптастырып, кәсіби көзқарасын кеңейтеді және Қазақстанның мәдени мұрасын зерттеуге деген қызығушылығын арттыратыны сөзсіз.

Online қабылдау