«Туран» университетінде ақпараттық қауіпсіздік бойынша ғылыми семинар өтті

2025 жылғы 18 қазанда «Туран» университетінде студенттер мен магистранттарға арналған онлайн ғылыми семинар өтті. Семинар ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи тәсілдері мен деректерді қорғау мәселелеріне арналды.

 

Іс-шараға Ақпараттық технологиялар жоғары мектебінің оқытушылары мен «Ақпараттық жүйелер», «Интеллектуалды робототехника» білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты.

 

Мамырова Айша Қуанышқызы, т.ғ.к., «Ақпараттық технологиялар жоғары мектебінің» қауымдастырылған профессоры «Ақпараттық қауіпсіздік пен деректерді қорғау бойынша халықаралық және республикалық стандарттар» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама барысында ISO/IEC 27001, ГОСТ және ҚР нормативтік-құқықтық актілері сияқты негізгі стандарттар, олардың құрылымы, енгізу қағидалары және ұйымдар мен білім беру мекемелеріндегі рөлі қарастырылды.

 

Гелюш Никита Дмитриевич, «Туран» университеті колледжінің арнайы пәндер оқытушысы «Zero Trust қауіпсіздік моделін кәсіпорында қолдану» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамашы «ешкімге сенбе, бәрін тексер» қағидатына негізделген Zero Trust тұжырымдамасының мәнін ашып, оның артықшылықтары мен корпоративтік ортада қолдану мысалдарын көрсетті.

 

Семинардың негізгі мақсаты – студенттердің ақпараттық қауіпсіздік саласындағы білімін кеңейту және халықаралық стандарттар мен заманауи деректерді қорғау модельдерін енгізу бойынша құзыреттерін дамыту болды.

 

Семинар ашық диалог форматында өтті: қатысушылар сұрақтар қойып, қауіпсіздік стратегияларын нақты мысалдар арқылы талқылады.

 

Модератор – Ким Екатерина Романовна, т.ғ.к., «Ақпараттық технологиялар жоғары мектебінің» қауымдастырылған профессоры, «Туран» университеті.

Online қабылдау