«Туран» университетінің Қаржы және есеп жоғары мектебі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен (АФМ) бірлесіп, FinGramota бағдарламасы аясында халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында «Инвестиция негіздері: акциялар, облигациялар, қорлар және ETF» тақырыбында қонақ дәріс өткізді.
Іс-шара 2025 жылдың 31 қазанында «Туран» университетінде өтті. Оған жеке қаржыны басқару мен инвестициялау саласына қызығушылық танытқан студенттер қатысты. Дәріс барысында қатысушылар Қазақстанның қаржы нарығы мен инвестициялық мүмкіндіктері туралы жан-жақты мәлімет алды.
Спикер — «Қазақстан қор биржасы» АҚ Клиенттермен жұмыс департаментінің директоры Азиза Ордабаева.
Ол дәріс барысында:
Дәріс интерактивті форматта өтті: студенттер белсенді сұрақтар қойып, пікір алмасты. Шара барысында қатысушылар қаржылық жоспарлау мен инвестициялаудың ұзақ мерзімді стратегияларын қалыптастырудың практикалық жолдарымен танысты.
Бұл дәріс жастардың қаржылық мәдениетін дамыту және қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатындағы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің жүйелі бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.