«Жеткізу тізбегінің негізгі қағидалары» тақырыбындағы қонақ дәріс маркетинг мамандығы студенттеріне арналған «Маркетинг жүйесіндегі тауар қозғалысы» пәні аясында өткізілді.
Спикер ретінде «Нетас Телеком ZTE» компаниясының жеткізу тізбегі менеджері (business supply chain) Хайбулин Шухрат Каримұлы сөз сөйледі.
Кездесу 2025 жылғы 29 қазанда онлайн форматта өтті және екі ағымдағы студенттерге арналды: күндізгі бөлім студенттері үшін – сағат 12:10-да, қашықтан оқитын студенттер үшін – сағат 15:10-да.
Хайбулин Шухрат жеткізу тізбегінің логистика мен маркетинг үшін маңызын және құндылығын ашып көрсетті. Спикер студенттерге тауар қозғалысын жоспарлау, болжау және қорларды басқарудың қажеттілігі туралы түсіндірді.
Кездесу барысында қоймалау, кедендік рәсімдеу, жүк тасымалдау және артикулдар гайдына қатысты мәселелер де талқыланды.
Студенттер үшін автобизнес, медицина, телекоммуникация, минералды тыңайтқыштар және құрылыс салаларындағы нақты жағдайлар (кейстер) қызықты болды. Әсіресе, балаларға арналған ағза трансплантациясына қажетті медициналық бұйымды жеткізу және автокөлік өнеркәсібіндегі «шыршаны безендіру» атты маркетингтік қадам сияқты мысалдар ерекше әсер қалдырды.
Кездесу интерактивті форматта өтіп, студенттер тарапынан көптеген сұрақтар қойылды.
Кездесуді ұйымдастырған – «Тұран» университетінің Маркетинг және логистика жоғары мектебінің сениор-лекторы Каирова Асель Ахатканқызы.