Transavia компаниясымен мансаптық іс-шара

Құрметті студенттер мен түлектер!

Сіздерді «Жұмыс берушіге қандай Soft & Hard skills маңызды?» тақырыбындағы ашық дәріске қатысуға шақырамыз.

Спикер – Transavia жетекші компаниясының HR маманы Ольга Щерба.

Кездесу аясында келесі сұрақтар қарастырылады:

  • Бүгінгі таңда қандай кәсіби (hard) және икемді (soft) дағдыларға сұраныс жоғары?

  • Рекрутерлер түйіндемені талдау кезінде неге назар аударады?

  • Сұхбатқа қалай тиімді дайындалуға және өз құзыреттеріңді қалай көрсетуге болады?

Күні мен уақыты: 19 қараша, сағат 14:00.

Өтетін орны: Coworking, Civilization Turan конференц-залы.

Сала сарапшысынан құнды ақпарат алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.

Кездесу ұйымдастырушылары: Transavia, «Тұран» университетінің Компьютерлік инженерия жоғары мектебі, Мансап және көшбасшылық орталығы және Телекоммуникация жоғары мектебі.

Online қабылдау