Ең үздік топ – 2025

2025 жылдың 5 қарашасында «Тұран» университетінің банкет залында «Ең үздік топ – 2025» байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі және факультет декандарымен бизнес-таңғы ас өтті.

 

Байқау қорытындысы бойынша «Ең үздік топ – 2025» номинациясы гуманитарлық-құқықтық факультеттің «ПС 222(4)», экономика факультетінің «МАР 222(4)», сондай-ақ «Сандық технологиялар және өнер» факультетінің «РЭТ 241(4)» топтарына берілді.

 

Кездесу барысында «Тұран» университетінің ректоры, э.ғ.д., профессор Р.А. Алшанов құттықтау сөз сөйлеп, студенттердің белсенділігі, көшбасшылық қасиеттері және университеттің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Ректор әр топтың жетістігі – мықты команданың көрсеткіші екенін атап өтті.

 

Бизнес-таңғы ас аясында студенттер мен декандар арасында ашық диалог өтті. Академиялық өмір мен мансаптық даму мәселелері талқыланды. Студенттер факультет декандарына сұрақтар қойып, өздерін қызықтырған тақырыптар бойынша жауап ала алды.

Online қабылдау