«Тұран» университетінің Құқық жоғары мектебінде «Құқықтану» мамандығы студенттеріне арнайы дәріс өткізілді. Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі, адвокат Айдын Асланұлы Нұрмұхамбет сот билігінің тәуелсіздігі, оның кепілдіктері және сот жүйесінің жұмыс істеуінің негізгі аспектілері туралы білімімен бөлісті. Іс-шараның модераторы Н.А. Алдабергенова (профессор) және А.А. Кәдірбай (сеньор-лектор) болды.
Студенттер құнды ақпарат алып, сот рөлі мен оның тәуелсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін мысалдар арқылы талдады, бұл оларға сот жүйесінің жұмыс қағидаттарын және сот билігінің тәуелсіздігінің мемлекет пен қоғам үшін маңызын жақсы түсінуге мүмкіндік берді.