2025 жылғы 05-06 қарашада «Тұран» университетінің Құқық жоғары мектебі бірлесіп ұйымдастырған «Қазіргі заманғы жария құқықты дамыту: бейбітшілікке, сенімге және адамның әл-ауқатына бастайтын жол» атты IV Халықаралық жастар ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Іс-шара Қазақстан-Ресей-Беларусь-Қытай бейнекөпірі форматында өтті.
Конференция «Халықаралық жас зерттеушілер қауымдастығының» қызметі аясында ұйымдастырылды. Оның құрылтайшысы және белсенді мүшесі – «Тұран» университетінің Құқық жоғары мектебінің директоры К.А. Джумабаева басқарады. Іс-шараға з.ғ.д., профессор Т.К. Акимжанов басқаратын Құқық институты да атсалысты.
Конференция жұмысына сегіз секция бойынша «Құқықтану» және «Халықаралық құқық» мамандықтарының 48 студенті мен магистранты қатысты. Қазақстандық жас зерттеушілердің баяндамаларында көрсетілген ғылыми проблемалар, оларды шешу жолдары мен перспективалары Ресей мен Беларусь ғалымдарының жоғары бағасына ие болды. Конференция белсенді пікірталас форматында өтіп, жастардың ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын арттырды. Кездесу қорытындысы бойынша қазіргі заманғы жария құқықтың өзекті мәселелері бойынша бірлескен халықаралық ғылыми мектептер құрудың тиімділігі туралы қорытынды жасалды.